«Сот маған «ескерту жасады», яғни, айыпты деп таныды. Шағымданамын», — деп жазды ол өзінің Твиттердегі парақшасында.
Бұрын хабарланғандай, Д.Байділдаева ақпанның сегізінде Республика алаңына шығып, наразылық шарасын өткізген болатын. Ол осыдан біраз бұрын он тәулікке қамалған үш блогерді босатып, Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің қызметтен кетуін талап еткен-ді.