Жарияланды: 400

Алатау аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Елбасына жұртшылық атынан алғыс айтты

Алатау ауданы тұрғындарының жыл өткен сайын әл-ауқаты жақсарып келеді. Бұл туралы аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Құдайберген Қабдулдин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін №180 жалпы білім беретін мектепті ашқан кезде айтты.

«Өз Жарлығыңызбен құрған Алатау ауданында 5 жылға жуық уақыттың ішінде көп жұмыстар жасалды. Соңғы 3 жылда жаңадан 9 мектеп, 5 балабақша, 3 аурхаана пайдалануға беріліп, халықтың әл-ауқаты бұрынғыдан әлдеқайда көтеріліп отыр», - деді Қ.Қабдулдин. Оның айтуынша, Елбасы бүгін Алматы қаласының келешекте Алатау ауданы арқылы дамитынын айтты. Жалпы бұрын бұл жерде 22 мың тұрғыны бар, 12 елді-мекеннен тұратын «Пригородный» кеңшары болған. Аудан алғаш құрылған кезде халық саны 122 мың адам болған еді, 5 жылдың ішінде ол 200 мыңнан асып кетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін