"Алатын жазасын алды, қойсаңдаршы енді тиісе беруді": Марқұм Нүкенованың ағасы елден оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алатын жазасын алды, қойсаңдаршы енді тиісе беруді": Марқұм Нүкенованың ағасы елден оңбай сөз естіді

"Алатын жазасын алды, қойсаңдаршы енді тиісе беруді": Марқұм Нүкенованың ағасы елден оңбай сөз естіді

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Нүкенов белгілі журналист Тимір Балымбетовке сұхбат берді.

  • 27 Мамыр
  • 887
Фото - Caravan.kz

Көпшілік оның әлі күнге дейін Бишімбаевқа не себепті тиісе беретінін түсінбеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айтбек Нүкенов енді сұхбатты ағылшын тілінде беруді жөн көрген.

Онда Нүкенованың ағасының Бишімбаевтың марқұм қарындасының денесін жасырғысы келгенін, осы істі қалай бұрмалағысы келгені айтылған.

Десе де, көптің алдына тағы да сұхбат беруге шыққан Айтбек Нүкенов осы әрекетімен тағы елге жақпай қалған. Олар желіде Салтанат Нүкенованың ағасына жағымсыз пікірлерін жаудырып жатыр.

«Бұл тақырыпты қанша мыжи беруге болады, алатын жазасын алды, қойсаңдаршы енді тиісе беруді», «Кететін адам кетті, аруаққа тыныштық беріңдерші, өтініш», «Қиын жағдай, қайтыс болған соң да туған ағасы қайта-қайта эфирге шығып сұхбат бергені де бір түрлі екен», «Айтбек, балам қой енді, қылмыскер жазасын алды, Алланың алдында жазасын алады, сабырлы бол» деп жазды олар.