"Алауыздықты қоздыру әрекеті байқалады": Қазақ тілі туралы айтқан Мухоряповты қылмыстық жауапқа тартуға бола ма - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алауыздықты қоздыру әрекеті байқалады": Қазақ тілі туралы айтқан Мухоряповты қылмыстық жауапқа тартуға бола ма

"Алауыздықты қоздыру әрекеті байқалады": Қазақ тілі туралы айтқан Мухоряповты қылмыстық жауапқа тартуға бола ма

"Chocolife" басшысы Рамиль Мухоряповтың "қазаша жауап беру мәдениетсіздік" деген сөзінде ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар. 

  • 20 Қазан 2022
  • 1415
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қоғам белсендісі Мұрат Әбенов жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Мухоряповтың Қазақ тілін қорлау сөздері — Қылмыстық Кодекстің 174 бабы Алауыздықты Қоздыру әрекеті байқалады",- деп жазды Мұрат Әбенов.

Сондай-ақ заңгерлер деоны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

"Ұлттық алауыздықты қоздырған Мухоряповке ҚР ҚК 174 бабымен, қылмыстық іс қозғалу керек! Тілімізді қорғау- ол Жерімізді, Ұлтымызды қорғау мен тең! ҚР Бас прокуратурасы нан талап етемін! Тілімді қорлаған адам заңмен жазалансын! Әрбір келген келімсек бізді басынбас үшін, заңның жұмыс істеуін талап етейік! Бос сөзден іске көшейік! Өз Тілімізді, Ұлтымызды құрметтейтін мәдениетті халық екенімізді көрсетейік!",- деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.

Ал Мұхтар Тайжан Мухоряповтың қазақ тілі туралы айтқаны биліктің мемлекеттік тілге деген көзқарасының  салдары деп топшылады.

"Жалпы, ірі бизнесмендер биліктің көңіліне мұқият қарап отырған топ. Олардың табиғаты сондай, ол түсінікті. Кешегі Мухоряповтың қазақ тіліне айтқан лас сөздері биліктің орыс және қазақ тіліне көзқарасының салдары деп білем. Мен ол туралы жиі жазып отырмын.Биліктің қазақ тіліне қатысты ұстанымы берік болса, Мухоряпов секілді бизнесмендер ауыздарына ие болып тыныш отырушы еді",- деді ол. 


Еске салсақ, "Chocolife" басшысы Рамиль Мухоряпов ресейлік орыстардың алдында сөз сөйлеп,  "қазақша жауап беру — мәдениетсіздік" екенін айтып, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Бұл қазақтардың ашу-ызасын келтіріп отыр. Қазір оның қосымшаларын пайдаланбау, кәсібіне бойкот жариялау басталды.