25 жастағы келіншек балабақша балаларының ата-анасынан маскарадқа арналған киім тігеміз деп ақша жинап, жоқ болып кеткен, деп хабарлады сенбіде облыстық полицияның баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Алданып қалған ата-аналар полицияға арыз берген. Келіншек оларды алдап 60 мың теңге ақша алып кеткен.