Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын жауып, ауа температурасы жоғарылайды.

  • 28 Ақпан 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК 28 ақпан-2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жылу мен ылғалдың мол қоры бар атлантикалық циклон ықпалынан жауын-шашын мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боран соғып, қатты жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан-1 наурыз аралығында еліміздің шығысында жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – делінген хабарламада.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін.


Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында 3-5 градус жылы, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жоғарылайды, тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 0-10 аязға дейін біртіндеп төмендейді.