Алдағы үш жылда 16 мектеп пен 8 мектепке жапсарлас ғимараттың құрылысы жүргізіледі деп жоспарланған.
«Біздің бюджет негізінен даму жобаларымен байланысты. Бұл – мектепке дейінгі білім беру нысандарының құрылысы. Үш жыл ішінде біз Астанада 24 білім беру нысанын салуды жоспарлап отырмыз, оның 16-сы – мектеп, 8-і – мектепке жапсарлас ғимарат. Сондай-ақ, 2019 жылы біз № 65 және № 83 мектептерде жеделсатыларды қайта салуды жоспарлап отырмыз», – деді қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы Ғали Есқалиев.