Алдағы күндері Астанада өткінші жаңбыр жауып, күн ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері Астанада өткінші жаңбыр жауып, күн ыстық болады

Алдағы күндері Астанада өткінші жаңбыр жауып, күн ыстық болады

Апта басында ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері өткінші жаңбыр жауады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

  • 22 Тамыз 2013
  • 466
Фото - Caravan.kz

Жұмыс аптасының екінші жартысында көшпелі бұлт шығады. Мамандардың хабарлауынша, алдағы күндері өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.

«Бейсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен, кей жерлерде екпіні 15 м/с жел соғады. Ауа температура түнде +15-+17°C, күндіз +26-+28°C болады», — деп хабарлады Қазгидрометтен. Жұма күні елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен, кей жерлерде екпіні 15-18 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы +15-+17°C, күндіз +26-+28°C.

Сенбі күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен, кей жерлерде екпіні 15-18 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15-+17°C, күндіз +24-+26°C болады.