Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Тек республиканың батыс және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін.
Павлодар, Ақмола, облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, түнде Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Сондай-ақ, таяу тәулікте 28 маусымда күшті жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының жекелеген өзендерінде су тасқыны жүреді, деп хабарлайды Казгидромет.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Ал Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан Қостанай, облыстарының кей жерлерінде күндізгі уақытта өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 7-12 м/с. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +28+30°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 2-7м/с. Ауаның температурасы түнде 19+21°С, күндіз +26+28°С болады.