Жарияланды: 560

Алдағы үш айда Байқоңырдан үш рет ұшыру кестесі бекітілді

Алдағы үш айда Байқоңырдан үш рет ұшыру кестесі бекітілді

Росокосмос Байқоңырдан  таяудағы үш айда өтетін ұшырулардың кестесін қарастырып, бекітті. Бұл туралы Ресей ғарыш ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлады.

Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бағдарламасы бойынша 2015 жылдың 2 қыркүйегіне бортында халықаралық экипаж отыратын «Союз ТМА-18М» көліктік басқарылатын кемені ұшыру жоспарланды.

Ал 2015 жылдың 1 қазанынан бастап ХҒС-на «Прогресс М-29М» көліктік жүк кемесі аттануы тиіс.

Байқоңырдан ең жақын болатын ұшыру 28 тамызға белгіленген. Сол күні Inmarsat-5F3 еуропалық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылмақ. 

null
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін