Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасын болады

Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасын болады

 Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін елордада көшпелі бұлт шығып, қар жаууы ықтимал, бұрқасын соғады.

  • 9 Ақпан 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз -1-3°С болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. «112» қызметінің мәліметінше, Астана — Көкшетау, Астана — Қарағанды бағытындағы тас жолдар көктайғаққа байланысты жабылды.

Синоптиктердің болжамынша, 10 ақпанда көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -14-16°С, күндіз -3-5°С болады.

11 ақпанда елордада ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -3-5°С болады. Қар жауып, бұрқасын соғады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.