«Келесі жылы өте маңызды екі орталық құру, ең алдымен Астанада Еуразиялық су орталығын құру жоспарлануда»,- деді Н. Ысқақов.
«Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары су сапасының проблемаларын зерттейтін ғылыми-зерттеу институтын құрады. Өздеріңізге белгілі, елімізде «Ауыз суы» бағдарламасы жүзеге асырылуда және бүгінде су сапасына қатысты проблемалар, жалпы су проблемасы Қазақстан үшін аса маңызды болып табылады»,- деп түсіндіріп өтті ол.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта орталықтың концепциясы әзірленген және оның ұйымдастыру комитеті құрылған, сондай-ақ «Астанадағы орталық ғимаратының эскиздік жобасы әзірленген». Министр аталмыш жобаның құны 40 млн теңгені құрайтындығын нақтылап өтті.
«Бұл орталық келесі жылы құрылады және ол әзірге біздің 2008 жылы пайдалануға беретін Метрология орталығының ғимаратында орналасатын болады»,- деп хабардар етті Н. Ысқақов.
«Күн қуатын зерттеу орталығына тоқталатын болсақ, біз осы мәселеге қатысты Алматыда жиналыс өткізгенбіз, және де бұл орталық Алматының Ақсай шатқалындағы біздің полигонымыздың Қазақстанның экология және климат жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының базасында құрылатын болады»,- деп жалғастырды өз сөзін министр.
Н. Ысқақов сондай-ақ, оны құруға «бюджеттен еш қаржы қажет етілмейтіндігін» атап көрсетті. «Ол түгелдей инвестициялық қаржы есебінен құрылады, яғни оған қазақстандық мамандар да, неміс мамандары да қатысады»,- деп түсіндіріп өтті ол.
«Алматының геотерминалдық және күн қуатын алу мүмкіндіктерін ескерсек, ол гидроэнергетикалық мүмкіндіктерді пайдалану үшін бірегей мүмкіндік болып табылады және Күн қуатын зерттеу орталығының құрылысы келесі жылы аяқталады»,- деп қорытындылады Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі.