Әлдебір әпербақанның сөзіне мән бермеу керек - Владимир Рерих ресейлік депутаттың мәлімдемесіне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлдебір әпербақанның сөзіне мән бермеу керек - Владимир Рерих ресейлік депутаттың мәлімдемесіне қатысты

Әлдебір әпербақанның сөзіне мән бермеу керек - Владимир Рерих ресейлік депутаттың мәлімдемесіне қатысты

Саясаттанушы Айдос Сарым мен журналист Владимир Рерих EXCLUSIVE порталының пікірталас алаңында сөз жарыстырды. Біз содан шағын үзінді жа

  • 23 Ақпан 2017
  • 1099
Фото - Caravan.kz

Саясаттанушы Айдос Сарым мен журналист Владимир Рерих EXCLUSIVE порталының пікірталас алаңында сөз жарыстырды. Біз содан шағын үзінді жариялағанды жөн көрдік.

Айдос Сарым: Орыстардың санасында солтүстіктегі барлық аумақ (Қазақстандағы – ред.) Ресейдің бұрын қазақтарға беріліп кеткен жерлері деген түсінік қалыаптасқан.   

Владимир Рерих: Қазақстандағы орыстар ма?

Айдос Сарым: Қазақстандағы да, Рсейдегі де орыстар.

Владимир Рерих: Бұл тұрғыда жүргізілген зерттеулерді білмейді екенмін. Ешкім олардың арасында сауалнама жүргізген жоқ қой. Сондықтан мұндай империялық пиғыл бар дей алмаймыз. Бұл тұрғыда Петропавлдағы орыстарға бәрібір. Әрине, ішіне қырық градус барған соң осындай бірдеңені айтатын саяси маргиналдар бар.  

Айдос Сарым: Бұған Сыртқы істер министрлігі мән беріп жатқандықтан, оны маргинал дей алмаймыз.

Владимир Рерих:
Сіз әлгі Мемдумадағы әлдебір есерсоқтың сөзіне мән беріп отырсыз…

Айдос Сарым: Оған Сенат спикері мән беріп жатса…

Владимир Рерих: Соған мән бермеген дұрыс. Ондай пікірді кім айтқанына қарау керек қой.

Айдос Сарым: Ал ертең әлгі Шперовтың Сыртқы істер министрі болмасына кім кепіл?

Владимир Рерих: Алдымен министр болып алсын. Оның әуселесін сосын көреміз. Ал қазір Жириновскийдің партиясындағы әлдебір әпербақанның сөзін шын деп қабылдауға бола ма екен?

Айта кетейік, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Павел Шперов өткен айда Қазақстандағы орыс жерлерін қайтару керек деп мәлімдеген болатын. «Біз, мысалы, Қазақстанда тұратын отандастарымызды диаспора деп жүрміз. Олар тартып алынған жерде тұрады. Меніңше, бұл – уақытша нәрсе. Шекара деген мәңгілік емес. Біз ол жерге жақын уақытттарда ораламыз. Өзімізге бағзы заманнан тиесілі аумақты қайтарамыз» деді Шперов.

Соңғы жаңалықтар