Жарияланды: 610

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, Стамбулдағы жарылыстардан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР консулдық қызметі

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, Стамбулдағы жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Стамбулдағы ҚР консулдық қызметінен хабарлады.

Дипломаттардың хабарлауынша, қазір олар қаладағы барлық төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтермен хабарласып, зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпаратты анықтауда. Ақырғы мәліметтер өкілдікке кешке қарай келіп түседі деп күтілуде. Біріне-бірі жалғаса орын алған бірнеше жарылыстың алғашқысы осыдан 2-2,5 сағат бұрын болды. Лаңкестік әрекеттер негізінен Ұлыбританиялық нысандарға қарсы бағытталған. Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, жарылыстар Англияның HSBC банкінің түрік бөлімшесінің бас кеңсесінің жанында, Ұлыбритания елшілігіе таяу жерде жасалды. Ал Sky News телеарнасының хабарлауынша, үшінші және төртінші жарылыс қаланың тұрғын аймағында болған. Нақтыланбаған мәліметтерге қарағанда, жарылғыш заттар халық көп баратын сауда орталықтарында іске қосылған. Ал бесінші жарылыстың нақты қай жерде болғаны беймәлім. Изаиль БАҚ-тарының хабарлауынша, лаңкестік әрекет Израиль елшілігіне жақын жерде жасалған. Жарылыстар халық көп жерлерде жасалғандықтан лаңкестік құрбандарының нақты санын дәлме-дәл атау қиындығы хабарлануда. Алдын-ала мәлімет бойынша 15 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін