Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті. Президентті ұлықтау рәсімі қазіргі сәтте тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БЕЛТА-ға сілтеме беріп.

  • 23 Қыркүйек 2020
  • 35
Фото - Caravan.kz

Ұлықтау рәсіміне жүзден астам адам шақырылды. Олардың қатарында жоғары лауазымды адамдар, өкілдер палатасының депутаттары және республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы және өкімші органдардың, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері бар.

Беларусь Республикасының Конституциясына сәйкес президент мынадай мазмұндағы ант бергеннен кейін қызметіне кіріседі:

"Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, Беларусь Республикасының халқына адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының Конституциясын сақтауға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді абыроймен және адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", — деген сөздерді президент айтуы тиіс.

Александр Лукашенко ел Конституцияға оң қолын қойып, Беларусь тілінде ант берді. Содан кейін ол ант беру туралы актіге қол қойды. Беларусьтің сайлау және республикалық референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасы Президентінің куәлігін табыс етті.


Еске салайық, Беларусь мемлекет басшысының сайлауы 9 тамызда өтті. Александр Лукашенкоға сайлаушылардың 80,1% дауыс берген. Жалпы ел бойынша сайлауға қатысу пайызы 84,28% құрады.

Соңғы жаңалықтар