Әлемде алғаш рет ғажайып теледидар жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде алғаш рет ғажайып теледидар жасалды

Әлемде алғаш рет ғажайып теледидар жасалды

Таңғажайып теледидар! Самсунг компаниясы әлемде тұңғыш рет экраны майысқан теледидар жасап шығарды. Көк жәшіктің ерекшілегі сол, екі түрлі телеканалды қатар көрсетіп қана қоймай, қалта телефоны арқылы да басқарылады. Оны, тіпті, компьютердің де орнына пайдалануға болады. Әлі ешкімнің үйінде жоқ су жаңа теледидармен бірінші боп біздің тілшілер танысып қайтты.

  • 2 Мамыр 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz

Әлі ешкім ұстап көрмеген теледидар осы. Мөлдіреген экраны қараған көзді қадалтып, бірден еліктіре жөнеледі. Тура бір тірі бейне тұрғандай. Теледидар тіпті, телефонның да міндетін атқара алады.           

Дияр Досқожа, «Samsung Electronics Kazakhstan» компаниясының департамент бастығы:

-Біздің UHD теледидарларымыз оңай интернетке шыға алады. Және де сіз әлеуметтік желілерге немесе интернеттің соңғы жаңалықтарын тексерсеңіз болады. Мысалы үшін келе жатқан әлем чемпионаты.

Компания теледидарды әдейі әлем чемпионаты алдында шығарып отыр. Өйткені, бұл көк жәшік жанкүйерлердің жанталасын Бразилияға барғызбай-ақ сездіреді екен. Оған қоса, ең тұңғыш сатып алушыларға компания таза былғарыдан тігілген доп пен Лондондық «Челси» клубының киімін де ұсынғалы отыр. 


Сын Сик Чой, «Samsung Electronics Kazakhstan» компаниясының президенті:

-Бұл теледидар UHDтехнологиясымен жасалған. Яғни, ол осыған дейін мықты саналған Full HD форматынан 4 есе артық. Дыбысты да, бейнені де 4 есе күшейтіп көрсетеді.

Теледидар арқылы интернетке кіру үшін ешқандайда құрылғының қажеті жоқ. Ішінде вай-файы дайын тұр. Бір емес бірнеше каналды да қатар  көру мүмкіндігі де бар. Майысқан экранның 8 түрін таңдауға болады. Олардың ең үлкені үйдің қабырғасындай.