Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйымның сайтында жарияланған статистикаға сәйкес, соңғы тәулікте (22 қазандағы деректер) әлемде COVID-19 жұқтырған 423 819 пациент тіркелген. Бұған дейін 17 қазанда тіркелген 412 889 жағдай рекорд болды.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі АҚШ-та тіркелді, онда 1 күнде 60 мыңнан астам адамда инфекция анықталды. Үндістанда тағы 55 мыңнан астам адам, Францияда 41 мың және Ұлыбританияда 26 мың адам коронавирус жұқтырды. Бразилияда инфекцияның бір тәуліктегі өсімі — 24 858 жағдай, Аргентинада — 18 мың жағдай болды.
Пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның 41,1 миллионнан астам жағдайы анықталды, 1,1 миллионнан астам адам көз жұмды.