Әлемде мұнай бағасы өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде мұнай бағасы өсті

Әлемде мұнай бағасы өсті

Соңғы кездері тым төмендеп кеткен қара алтынның құны енді қайтадан өсіп келеді. Бүгін брент  маркалы мұнайдың бір баррелі 60 долларға сатылып жатыр.

  • 14 Ақпан 2015
  • 222
Фото - Caravan.kz

Сарапшылар оның бағасының өсуіне Минскде өткен кешегі кездесу әсер етті дейді. Енді Украинадағы ахуал реттелсе, Ресейге салынған экономикалық санкциялар біраз жеңілдеуі мүмкін. Ондай жағдайда мұнайдың саудасы қыза түседі дейді сарапшылар. Сондай-ақ, әлемдегі өндірушілердің шығынды қысқартуы да мұнай бағасының өсуіне себеп болған. Алайда бұл қара алтын бағасы қарыштап өсіп кетеді деген сөз емес. Мамандардың ойынша, олай болуы үшін Солтүстік Америкада мұнай өндірісі азайтылуы керек. Ал өндіріс көлемін қысқартуды АҚШ билігі жоспарлап отырған жоқ.