Әлемдегі ең қарт олимпиадашы 106 жасында өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең қарт олимпиадашы 106 жасында өмірден озды

Әлемдегі ең қарт олимпиадашы 106 жасында өмірден озды

Әлемдегі ең қарт олимпиада ойындарының қатысушысы америкалық Уолтер Уолш 106 жасында АҚШ-та өмірден озды.

  • 2 Мамыр 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

Туыстарының хабарлауынша, оның жақында жүрек талмасы ұстап, 107 жасқа небәрі 5 күн қалғанда бақилық болып кете барған. Уолш өзінің астана маңындағы Арлингтондағы үйінде жан тапсырыпты.

Уолтер Уолш 1948 жылы Лондонда өткен жазғы олимпиадаға 50 метр қашықтықтан тапаншамен нысана ату сайысы бойынша қатысқан. Ол сол жолы 12 орынды қанағат тұтып, еш жүлдесіз оралса да, араға 58 жыл салып өзінің «олимпиадалық» рекордын орнатты.

2013 жылы 105 жас 321 күн ғұмыр сүрген ол тағы бір америкалық гимнаст Рудольфа Шрейдерді басып озып, жер бетіндегі ең ұзақ жасаған олимпиадашы атанған болатын, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.