БҰҰ-ына мүше елдерге арнаған өз үндеуінде С. Керим субсидияларлы азайту, бағаны көтеру және басқа да сауда кедергілері өндірісті ынталандырып, 180 млн шағын шаруашылықтардың дамуына септігін тигізетінін атап өтті. Бұл шаралардың бәрі Дохадағы сауда саласындағы келіссөздердің кезекті раундының табысты орындалуына алып келуге тиіс.
Халықаралық валюта қорының зерттеулеріне сәйкес, азық-түлік пен мұнай бағасының өсуі 75 дамушы елдің экономикасына нұқсан келтіре алады. Бұл сонымен қатар әлемдегі 50 елдің Жалпы Ішкі Өніміне кері әсерін тигізіп, 100 млн адамды тақыр кедейлікке душар етпек. Осыған байланысты С. Керим БҰҰ-ына мүше елдерді экономикаға төнген қатерге жауап ретінде жедел түрде резолюция қабылдауға шақырып, БҰҰ-ның уақыт ұттырмайтын шұғыл шаралары ғаламдық тауқыметті шешуде басты роль атқаратынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті