Жарияланды: 610

Әлемдік азық-түлік бағасының көтерілуі алыпсатарлық факторынан туындаған - сарапшы

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік азық-түлік бағасының көтерілуі алыпсатарлық факторынан туындаған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Ферғана. ру" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"2007 жылғы құрғақшылық қысқа мерзімді жетіспеушілікті туғызды. Ол секілді жағдайлар үнемі ұшырасып отырады. Бірақ кейін баға көбігі Қытайдағы тұтыну көлемі мен биоотынның өндірісінің ұлғаюы жайлы үрейлі әңгімелерден кейін одан сайын үрленді", - деп жазады агенттік "Азық-түлік бағасының болашақтағы арзандауы" баяндамасының авторы, ING банкінің бас экономисі Чарльз Робертсонның сөзін келтіре отырып. Оның пайымдауынша, әлемдік азық-түлік бағасын қымбаттатып отырған нақ осы алыпсатарлық факторы. Және сондықтан да 2008 жылдың күзінде бағаның төмендеуі күтіп тұр. Халықаралық астық кеңесінің сарапшылары 2008 - 2009 жылғы әлемдегі бидай өндірісі соңғы 4 маусымда алғаш рет сұраныстан артып отырғанын атап көрсетті. Бұл оның ауыспалы қоймалық қорын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Биылғы маусымда астық жинау өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға өсіп, 645 млн тоннаға, яғни, рекордтық көрсеткішке дейін жетеді. Бұл 627 млн тоннаны құраған 2004 - 2005 жылғы рекордтан анағұрлым жоғары және бидайға деген әлемдік сұранысты (610 - 620 млн тонна) қанағаттандыра алады. Бұл бидайдың әлемдік бағасы арзандайды деген сөз. Тіпті нарықтағы сатып алу деңгейі артқан күннің өзінде де сұраныс ұсыныстан артыла алмайды, деп сендіріп отыр сарапшылар, деп хабарлайды ақпарат агенттігі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін