ЮНКТАД ақпаратына сәйкес, Батыс елдеріндегі ипотекалық дағдарыс өткен жылы әлемдік сауданың өсу қарқынына әсер еткен жоқ. Әлемдік тауар экспортының көлемі 14,4%-ға ұлғайды. Ал дамушы елдердегі шикізат пен тауар экспорты 15,2%-ға, қызметтер экспорты 17,1%-ға өсті.
Зерттеулер дәлелдегеніндей, ипотекалық және азық-түлік дағдарысына, мұнай құнының өсуі мен инфляция қаупіне қарамастан, әлемдік сауда көлемі өсе түсті. ЮНКТАД басылымында атап көрсетілгеніндей, өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған елдердің үлесіне бұрынғыдай әлемдік Жалпы ішкі өнімнің 71% тиеді, бірақ ол елдерде Жер халқының небәрі 15% тұрады.
ЮНКТАД мамандарының мәліметінше, Шығыс Еуропаның көптеген елдері АҚШ-қа шығаратын экспортын біршама азайтып, Батыс Еуропаға назар шоғырландыра абстады. Атап айтсақ, 2000 жылдан бері АҚШ-қа шығарылған года Ресей экспортының үлесі 7,7%-дан 2006 жылы 3,1%-ға дейін азайды.
Өткен жылы Ресей экспортының көлемі $355,5 млрд құрады, ал 2006 жылы ол $304 млрд болған. Басқа ТМД елдерінде де осындай ағым байқалды, тек Әзербайжанда ғана экспорт көлемі $6,4-тен $5,4 млрд дейін азайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті