«Соңғы кездері біз қазіргі әлемдік тәртіптің түбегейлі өзгеріске ұшырауын бақылап отырмыз. Әлем өзгеріске ұшырап жатыр, қауіпсіздік азайып келеді, мүлде жаңа қауіп-қатерлер туындауда, халықаралық құқық константасы өзгеріп келеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның сөзіне қарағанда, бұл АӨСШК-ға деген сұранысты арттырады, сондай-ақ оған мүше елдерден ықпалдастықты және форумның мақсат-міндеттерін сапалы жүзеге асыруын талап етеді. Осы жылдар ішінде Кеңеске мүше мемлекеттер АӨСШК қызметінің басты бағыттарын дамыту үшін көп шаруа атқарды. «Әскери-саяси салада сенім шаралары тұжырымдамасын қабылдауға ерекше көңіл бөлінуі тиіс деп есептеймін. Бұл бағыттағы алғашқы бірлескен қадам — терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолғабыс болуы туралы АӨСШК Декларациясын қабылдау болды. Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюды құптайды», — деп атап өтті Н.Назарбаев.