Әлемнің ең қымбат қалалар рейтингінде Нью-Йорк көш бастады, Алматы 166-орында - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің ең қымбат қалалар рейтингінде Нью-Йорк көш бастады, Алматы 166-орында

Әлемнің ең қымбат қалалар рейтингінде Нью-Йорк көш бастады, Алматы 166-орында

Economist британ журналының талдау бөлімі ең қымбат қалалардың кезекті рейтингісін жариялады.

  • 2 Желтоқсан 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.  

2022 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Нью-Йорк пен Сингапур көш бастады.

Өмір сүру аса қымбатқа түскен қалалар қатарында Мәскеу мен Санкт-Петербург те бар. Олар бірнеше ондаған позицияға көтерілді.

Рейтингті жасаған Economist Intelligence Unit әлемнің 172 ірі қаласында баға бір жылда 8,1% көтерілгенін атап өтті.

Бұл – журнал әлемдегі өмір сүру құны туралы деректерді жинаған соңғы 20 жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш.

Нью-Йорк алғаш рет әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингісінде көш бастады.

Бұл АҚШ-тағы жоғары инфляция мен доллардың жоғары бағамына байланысты болып отыр. Өткен жылы Тель-Авив бірінші орында болса, қазір ол үшінші орында тұр.

2022 жылғы әлемдегі ең қымбат қалалар:

1. Нью-Йорк

2. Сингапур

3. Тель-Авив

4. Гонконг

5. Лос-Анжелес

6. Цюрих

7. Женева

8. Сан-Франциско

9. Париж

10. Сидней

10. Копенгаген

Тізімдегі барлық қарастырылған қалалардың ішінде Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург мегаполистерінде үлкен өзгеріс байқалды.


Олар сәйкесінше бірден 88 және 70 позицияға ауысты (2022 жылғы жалпы рейтингте Ресей астанасы — 37, ал Санкт-Петербург — 73-орында).

Баяндама авторлары атап өткендей, капитал қозғалысын бақылау, импортты шектеу және еуропалық газ төлемдерін рубльге аудару Ресей валютасын нығайтуға көмектесті.

Сонымен қатар, Ресейдің өзінде баға 2022 жылдың ақпанында РФ-ға салынған санкцияларға байланысты көтерілді.

Зерттеу авторларының айтуынша, Мәскеудегі инфляция өткен жылмен салыстырғанда — 17%, ал Санкт-Петербургте — 19,4% құрады.

Ливияның Триполиі мен Сирия астанасы Дамаск – әлемдегі ең арзан қалалар.

Сондай-ақ олардың қатарында Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы мен Өзбекстан астанасы Ташкент те бар.

Ең арзан қалалар:

161. Коломбо

161. Бангалор

161. Алжир

164. Ченнаи

165. Ахмедабад

166. Алматы

167. Карачи

168. Ташкент

169. Тунис

170. Тегеран

171. Триполи

172. Дамаск