Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының екі кезеңі қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының екі кезеңі қорытындыланды

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының екі кезеңі қорытындыланды

«Қазақстандықтардың білімін арттыру — әл-ауқаттың өсуіне жол» Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының екі кезеңінің нәтижесі бойынша жобаның үздік 50 финалисі анықталды. Олар өздерінің инновациялық идеясын Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде онлайн форматта ұсынады.

  • 3 Мамыр
  • 7
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, байқаудың мақсаты азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын, қаржылық, құқықтық, мәдени, кәсіби сауатын арттыру сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және дәріптеу.

Осы жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры іске асырып жатқан Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі мен байқауы азаматтық қоғамның мыңдаған бей-жай қарамайтын өкілін мақсаты мен міндеті төңірегінде біріктіріп келеді. Бәсекелестік құрамдас бөліктен басқа, жоба коммерциялық емес сектор үшін білім беру іс-шараларын, воркшоптар мен пікірталастарды өткізеді.

Биыл байқауға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 16 облысынан үш номинация бойынша 116 коммерциялық емес ұйым қатысты:

   •  «Қаржылық сауаттылық ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде» — 33 жоба.

   •  «Азаматтарды жұмыспен қамтудың артуының маңызды факторы ретінде жаңа технологияларды игеру және практикалық дағдыларды дамыту» — 40 жоба.

   •  «Жеке өсу үшін білім беру құзыреттері» — 43 жоба.

Байқау шарты бойынша финалға 50 жоба шықты. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі барысында 27 және 28 мамырда тұсауы кесіледі. Үздік идеялардың авторлары, қазылар алқасының бағалауы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін Қордың грантын алады.

Финалистерді құттықтап, тұсаукесердің сәтті өтуін тілейміз!

Үздік 50 жобаның тізімі.

Соңғы жаңалықтар