Алғашқы махаббат» фильмінің режиссері өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғашқы махаббат»  фильмінің  режиссері    өмірден өтті

Алғашқы махаббат» фильмінің режиссері өмірден өтті

Қазақ кино өнері тағы бір тау тұлғасынан айырылды. 71 жасқа қараған шағында ауыр сырқаттан Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, танымал режиссер Қанымбек Қасымбеков өмірден өтті.

  • 18 Ақпан 2014
  • 263
Фото - Caravan.kz

Еңбек жолын 1969 жылы «Қазақфильм»-де бастаған ол алғаш «Шоқ пен Шер» атты балалар фильмін түсірген. Одан кейін де «Қызыл отау», «Саған күшік керек пе?» «Соңғы түлкі», «Жамбылдың жастық шағы» және «Алғашқы махаббат» сынды қазақ киносының алтын қорына кірген оншақты картинасы жарыққа шыққан. Туындылары көбіне балалар тақырыбын артқау еткенімен, режиссер ұлттық мүдде мәселесін де оқтын-оқтын қозғады. Марқұм туған жері Алматы облысына қарасты Шиен ауылына жерленді. Артында ұмытылмас мұрасы мен жары, 2 қызы және немерелері қалды.


Мейрамбек Беспаев, әнші:

-Көшеден мені афишадан көріп қалып, киноға шақырған. Содан кейін 91-жылдан бастап ол кісімен жақсы араласып, ұзақ жолдас, тіпті әкелі-бала ретінде араласып кеттік. Қайғыға ортақпыз. Бүкіл қазақ халқына, жалпы қазақ киносынан қайғырып көңіл айтамын!