Алғашқы қара нәсілді футболшы А. Уортонның құрметіне мүсін орнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғашқы қара нәсілді футболшы А. Уортонның құрметіне мүсін орнатылады

Алғашқы қара нәсілді футболшы А. Уортонның құрметіне мүсін орнатылады

Тұңғыш қара нәсілді кәсіби футболшы Артур Уортонның құрметіне Англияда мүсін орнатылады.

  • 11 Наурыз 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz


Ескерткіш  Бертон-апон-Тренттегі "Сент-Джордж Парк" ұлттық кешеніне орналастырылады. Бұл туралы Англия футбол қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлады.

 Мүсін қоладан құйылмақ, биіктігі 5 метр.

 Айта кетер жайт, Уортон 1882 жылы 19 жасында Аккрадан Англияға келген. Ол футболдан басқа жеңіл атлетикамен де айналысқан. 1886 жылы "Стэмфорд Бридж" стадионында 100 метрлік қашықтықты 10 секундта бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.  Ал оның ойнаған алғашқы футбол клубы "Дарлингтон" болған еді. Одан кейін "Ротерхэм", "Престон Норт Энд", "Шеффилд Юнайтед" және "Эштон Норт Энд" клубтарында да жасындай жарқылдады.