Алимент бойынша берешегі миллионға жеткен Астана тұрғыны қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алимент бойынша берешегі миллионға жеткен Астана тұрғыны қамауға алынды

Алимент бойынша берешегі миллионға жеткен Астана тұрғыны қамауға алынды

П. азаматы алимент төлеуден жалтарып жүргені үшін 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

  • 25 Сәуiр 2016
  • 426
Фото - Caravan.kz


Алимент төлемеген бұл азаматтың борышы 900 699 теңгеге жетті, деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ол бұл қарызын өтеу бойынша шараларды жасамаған. Нәтижесінде Астана қ. прокуратура басқармасының прокуроры ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 669 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.