«Біз Гонконг жағымен Қазақстанға және Қазақстаннан Гонконгіге инвестиция салу үшін қор құру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз»,- деді Е.Арыстанов. «Қазір біз көзқарастарды дәйектеу үстіндеміз. Бұл мемлекет пен жеке меншік бірлескен қор болуы мүмкін»,- деді ол.
«Біз қорды 2008-жылы құруға ниеттеніп отырмыз. Қазақстан жағынан «Қазына», ал Гонконг жағынан — жеке меншік ірі банктер мен инвестициялық қорлар қатысуы ықтимал»,- деді Е.Арыстанов. Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты келіссөздер екі айдан бері жүргізіліп жатыр. «Біз қазір нобайларды талқылап жатырмыз. Ең бастысы — олар жағынан қызығушылық бар»,- деді Е.Арыстанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті