Алматы әкімдігі әлдеқашан шетел асып кеткен Храпуновты сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігі әлдеқашан шетел асып кеткен Храпуновты сотқа берді

Алматы әкімдігі әлдеқашан шетел асып кеткен Храпуновты сотқа берді

Алматы әкімдігі шаһардың экс-басшысымен мұхиттың арғы жағында соттасып жатыр. Сөйтіп, Виктор Храпунов қолды қылған 300 млн. долларға жуық қаржыны елге қайтарып алмақ ниетте. 

  • 15 Мамыр 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz


 «Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, іс қазір Калифорния шатынының федералды сотына келіп түскен. Бірақ әзірге процестің нақты қашан басталары білгісіз. Сондай-ақ, басылым экс-шенеуніктің Қазақстаннан ұрланған қаржысын қалай Америка мен Швейцария шоттарына салып отырғаны да туралы толық ақпар жазыпты. Храпуновтар отбасының «Бевирли Хилз»-де әрқайсысының құны 6 млн. долларды құрайтын қос вилласы және VIP класстағы бірнеше қымбат көліктері бір көрінеді. Жалпы Виктор Храпунов пен оның жұбайы Ләйләға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалған. Соның бірі — Алматы әкімдігінің меншігіндегі көптеген жердің заңсыз сатылып кетуі. Енді, әкімдік осы телімдердің ақысын кері қайтарып көрмекші.