Алматы әкімдігі ең үздік инновациялық жобаға байқау жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігі ең үздік инновациялық жобаға байқау жариялады

Алматы әкімдігі ең үздік инновациялық жобаға байқау жариялады

Алматы әкімдігі ең үздік инновациялық жобаны анықтау үшін «Алматы - мини ЭКСПО-2014» байқауын жариялады.

  • 31 Қазан 2014
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін байқаудың ұйымдастырушылары мәлім етті.

Байқау 4 бағытты «Атмосфералық ауаны қорғау бойынша ең үздік инновациялық жоба», «Коммуналдық қоқысты жою бойынша үздік жоба», Су ресурстарын қорғау бойынша үздік жоба, «Қалпына келтірілетін энергия көздері бойынша ең үздік жоба» қамтиды.

Аталған байқауға өтінімдер 15 қарашаға дейін қабылданады. Марапаттау салтанаты 22 қараша өтпек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 1 орын иегеріне — 1 млн теңге, 2 орынға — 500 мың теңге, 3 орынға — 300 мың теңге беріледі.

«Байқау «Экспо-2017» халықаралық көрмесін насихаттау үшін өткізіледі. Үздік деп танылған жобалар халықаралық көрмеге қойылуы мүмкін. Жұмыстар экономикалық тұрғыдан арзан, практикалық тұрғыдан тиімді, жаңа идея негізінде жасалуы шарт», — деді Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының өкілі Назия Аухинова.

Қазір аталған байқауға қазылық жүргізетін комиссияның құрамы анықталып, төрағасы ретінде әкімнің орынбасары Ербол Шорманов тағайындалды.


Сонымен қатар, қалалық Жастар саясаты басқармасы жас өнертапқыштарға арналған «Жастар Innovation» байқауын жариялады.