Жылда өткізілетін байқау биыл да журналистер күніне орай ұйымдастырылмақ.
«Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау болып отыр», — деді ұйымдастырушылар.
Байқауға тіл саясаты туралы өткір материалдар жариялаған баспасөз, телеарна, радио, интернет басылымдарында жұмыс жасайтын журналистер қатыса алады.
«Қазылар алқасы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік тіл тақырыбында жарияланған мақалаларды сарапқа салады. Жұмыстар 20 маусымға дейін қабылданады», — делінген хабарламада.
Үміткерлер өз жұмыстарын nurkyz999@mail.ru электронды поштасына жібере алады. Байқау ашарттары туралы толығырақ 2631527, 87078070102 телефондарына хабарласу арқылы білуге болады.