Жарияланды: 650

Алматы әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында қосымша 200 млрд теңге бөлмекші

Алматы. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында қосымша 200 млрд теңге бөлмекші. Бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов "Қазына" қоры мен екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнесті 50 млрд. теңгеге қаржыландыруы жөніндегі бағдарламаның жүзеге асу барысы туралы" кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов үкіметтен бөлінген қаржының "Қазына" қоры мен екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландыруы туралы кеңес өткізді. Кеңес кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Даму" қоры басшыларының, екінші деңгейлі 12 банк өкілдерінің, Алматы қаласы мемлекеттік органдары мен бизнес - ассоциациясы басшыларының қатысуымен өтті. Кеңесті ашқан Ахметжан Есімов ҚР президенті мен үкіметтің экономиканың басты секторы болып табылатын шағын және орта бизнеске үнемі қаржылық қолдау көрсету жөніндегі әкімдіктерге берген тапсырмасын жиналғандардың есіне салып өтті. Кәсіпкерлікті несиелеу әлі де шиеленісті болып отыр. Кәсіпкерлердің капитал айналымдарының төмендеуіне байланысты шағын және орта бизнес субьектілерінің өндіріс деңгейі төмендеді, соның салдарынан бюджетке түсетін салық көлемі де азайып отыр. Үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде қала бюджетіне кіші және орта бизнес субьектілерінен салық түрінде 248,9 млрд. теңге түскен. Бұл жалпы қалалық түсімнің 62,3 пайызын құрайды. Алайда, 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда салық түсімі 13,6 пайызға төмендеген. ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында шағын және орта бизнеске Алматы қаласы бойынша екінші деңгейлі банктер 302,9 млрд. теңге несие бөлген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55,7 пайызды құрайды. Қазіргі кезде үкімет "Қазына" қорына 50 млрд. теңге бөліп отыр. Сонымен қатар заем алушылар үшін 12,5 пайыз ставка және бір заемщикке 3 млн. АҚШ долларына дейін лимит белгіленген. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бөлінген 50 млрд. қаржыны "Қазына" қоры мен екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырудың барысы туралы жиналғандарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Даму" қоры басқармасының төрағасы Госман Амрин айтып берді. Г. Амриннің айтуынша, кәсіпкерлікті қолдаудың үш бағдарламасы және "тұрақты" жұмыс жасап жатқан бір бағдарлама бар. Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында алғашқы транш - 48,8 млрд. теңге ойдағыдай жүзеге асты. Республикалық бюджеттен бөлініп отырған 50 млрд. теңге және "Даму" қорынан бөлінген 50 млрд. теңге (барлығы 100 млрд. теңге) шағын және орта бизнестің ресурстар бағасын төмендетіп, шиеленісті кезеңге дейінгі қайтарым деңгейін 12,5 пайызға жеткізіп отыр. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруда жобалық шектеу жоқ. "Қазына мен "Даму" қорлары қаржыландыру мәселесін шегіне жеткізеді. Қазақстан экономикасында бұрыннан бар жобалар да қаржыландырылып, оларға қаржының 50 пайызы жұмсалатын болады. Комиссия шешімімен 12 қаржы ұйымы анықталып, оның 8-і бағдарламаға қатысуға өтініш берді. Қазірдің өзінде 6 өтінішке қол қойылды. Қалған екеуіне таяу күндері қол қойылатын болады. Осы аптада шағын және орта бизнеске несие бөлу процесі қаралады. Банктердің саясатына қатысты қордың бірқатар серіктестері бағдарламаға қатыспайды. Г. Амриннің айтуы бойынша үшінші бағдарлама белгілі шектеулері бар тікелей қаржыландырумен айналысады. Ол өз аясында өндіріс, көлік пен байланыс, ақпараттық -коммуникация салаларын қамтиды. "Даму" қоры басқармасының төрағасы бөлінген қаржының берілетіндігін атап көрсетті. Банктік сектор үлкен мегаполистің кәсіпкерлерін қаржыландыру үстінде. Бұл факт республика бойынша шағын және орта бизнеске бөлінген үлесті растайды. Ахметжан Есімов өз сөзінде қала әкімдігінің өз бағдарламасын жүзеге асыратындығын, ол үшін қосымша 200 млн. теңге бөлінетіндігін айтты. Демек, "Даму" қорының қаржысын қоса есептегенде жалпы сома 400 млнға жуық теңгені құрайтын болады. Әкім осы салаға қатысы бар барлық құрылымдардың кіші және орта бизнеске қолдау көрсетулерінің маңызды екендігін атап өтті. "Алматы қаласының әкімдігі бұл мәселені бірініші болып көтерді, үкімет оған дер кезінде назар аударып, кіші және орта бизнесті қаржыландыру мәселесінің дұрыс шешілуіне ықпал етті. Бұған алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Барлығымыз бірігіп, бұл бағдарламаны жүзеге асырып, болашақта біздің кәсіпкерлерді қолдау барысында бастама көтеретін боламыз"-, деді Ахметжан Есімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть