Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, бюджеттің орындалу қорытындысы бойынша табыс көздерінен түскен түсім 2008 жылдың бірінші жартысында 90 млрд 588 млн теңге болған. Ол 89 млрд 987 млн теңге болады деп жоспарланған болатын. Жоспардан артық 0,7 пайыз немесе 601 млн теңге түскен.
Салықтық түсімдер 83 млрд 517 млн теңгені немесе 102,1 пайызды құраған. Қосымша келіп түскен салық 1 млрд 750 млн теңгеге жеткен.
Тұрғын үйді пайдалануға беру 32 пайызға ұлғайған. Пайдалануға 368 мың шаршы метр тұрғын үй берілген. Республикалық бюджеттен 2008 жылы үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан нысандарға 22 млрд теңге бөлінген.
Сонымен қатар, 2008 — 2010 жылдарға арналған үш жылдық тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асыру басталғандығын хабарлады. Оның аясында Алматы қаласында 3648 пәтер салу көзделіп отыр. Оның ішінде 190 пәтер пайдалануға берілген.
2008 жылғы қала бюджеті 200,5 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде әлеуметтік салаға 74,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,3 есе көп, деп хабардар етті Алматы қаласының әкімдігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті