Алматы әкімдігінің жаңа құрылымы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігінің жаңа құрылымы бекітілді

Алматы әкімдігінің жаңа құрылымы бекітілді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек әкімдіктің жаңа құрылымын бекітті.

  • 13 Мамыр 2016
  • 366
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, әкімдік аппаратының жетекшісі мен орынбасары арасындағы міндеттемелер қайта қаралды.

«4 басқарма таратылды. Жолаушылар көлігі басқармасы мен автомобиль жолдары басқармасы бірікті. Мәдениет басқармасы мен тілдерді дамыту, құжаттама және мұрағат басқармасы бір басқармаға біріктірілді. Әкімдік аппаратының штаты қысқаруына байланысты әр аудандық әкімдікке 3 қызметкер қосымша жіберілді. Олар идеологиялық жұмысты нығайтып, кәсіпкерліктің дамуына жұмыс істемек», — делінген хабарламада.

Әкімнің орынбасары Румиль Тауфиковқа жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары, жұмыспен қамту мен әлеуметтік мәселелер берілді. Бұрын бұл мәселер Арман Қырықбаевтың қарауында болатын.


Әсел Жүнісоваға Румиль Тауфиковтың қарауындағы туризм және сыртқы байланыс мәселелері, әкімдік аппаратының жетекшісі М.Сембековке тұрғын үй инспекциясы мәселелері берілді.