Алматы әкімі халықты қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі халықты қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді

Алматы әкімі халықты қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді

Алматы автопаркі тағы да 200 автобуспен толықты. Сөйтіп қаладағы газбен жүретін қоғамдық көліктердің жалпы саны 600-ден асып отыр.

  • 31 Қаңтар 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Олар осы шаһардағы автобустардың 70 пайызын құрайды. Құны 40 миллион долларды құраған көліктер Еуропалық даму банкінің қаржыландыруымен несиеге алынған. Ал, автобустардың өзі Қытайда құрастырылыпты. Экологиялық жағынан тиімді болғандықтан алдағы уақытта жекеменшік автопарктерді де газбен және тоқпен жүретін көліктерге ауыстыру жоспарланған. Сөйтіп, қала әкімі алматылықтардың барлығын қоғамдық көлікпен жүргізбекші. Енді бұл автобустардың біразы 38-бағытпен қатынайтын болады.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

-Қоғамдық көлікпен қала тұрғындары көбірек жүруі керек. Сол мақсатта жасалып жатқан жұмыс. 260 миллион адам өткен жылы тасымалданыпты. Ол алдыңғы жылмын салыстырғанда 12 пайызға көп.