Жарияланды: 710

Алматы әкімі қаланы безендіруге жауапты мекемелердің атына сын айтты

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі Ахметжан Есімов бүгін қаланың сыртқы безендірілуі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңесті ашқан әкім қазіргі кезде қаланың сыртқы келбеті идеологиялық, эстетикалық жағынан талапқа сай емес әрі қалалықтардың кауіпсіздігін қамтамасыз етпейді деді. "Алматы республикамыздың іскерлік, ғылым, білім, мәдениет, қаржы орталығы болып табылатын ірі мегаполис ретінде безендірілуі тиіс",- деді Ахметжан Есімов. Әкім қаланы безендірудегі жіберілген олқылықтар мен кемшіліктерді анықтайтын арнайы жұмыс тобын ұйымдастыруды тапсырды.Тексеру барысында сыртқы жарнамаға қатысты 49 кемшіліктің беті ашылды. Ғимараттарды жарықтандыру да талапқа сай емес. Кеңесте әлеуметтік мәселелерге, жүргінші мен көліктің қауіпсіздігіне, қаланың ішкі және сыртқы жолдарына қатысты жарнамалық безендірудің жоқтығы да сөз болды. Ахметжан Есімов безендіру ісіне ең алдымен идеологиялық, мемлекеттік және тікелей қала мүддесі тұрғысынан келу қажеттігін атап өтті. Қаланың сыртқы келбеті Алматының бүкіл асқақ қасиетін көрсетуі тиіс. Қала әкімі сыртқы жарнамадан қала бюджетіне небәрі бір пайыз ғана табыс түсетіндігін, бірақ дәл осы саланың ел экономикасының айқындаушысы болып табылатындығын айта келіп, осы мәселеге тікелей қатысы бар ішкі саясат, мәдениет, сәулет және қала құрылысы, жол полициясы, "Алматыжарнама" МҚК болашақта өз жұмыстарын барынша жандандыруы және жаңғыртуы тиіс екендігін айтты. Осы орайда, А. Есімов алдағы уақытта жұмысты жүйелі жүргізуге ықпал ететін құрамына қоғамдық ұйымдардың, дизайнерлер одағының өкілдері енетін көркемдік кеңес пен "Алматыжарнаманың" жанынан дизайн - орталық құру жөніндегі ұсынысты қолдады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін