Жарияланды: 530

Алматы әкімі қаланың медициналық мекемелерінің жұмысындағы кемшіліктерді атады

Алматы әкімі қаланың медициналық мекемелерінің жұмысындағы кемшіліктерді атады

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов денсаулық сақтау қызметкерлерімен өткен жиналыста қаланың медициналық мекемелерінің жұмысындағы кемшіліктерді атады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сіздердің салаларыңыздағы адамшылыққа жатпайтын қатынастар адамдардың көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Қарапайым тәртіптің болмауы, бас дәрігерлердің жұмыс орындарында болмауы, лауазымын асыра пайдалану және басқа да", - деп әкім медицина қызметкерлерінің атына айтылған сын-ескертпелерді санамалап берді. "Қымбат дәрі-дәрмектерді жоқ ауруларға белгілеу арқылы есептен шығару деректері бар. Оларды әлі де тексеретін боламыз", - деп ескертті А. Есімов. Ол сондай-ақ, қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшылығына арнайы тексеру анықтаған барлық заң бұзушылықтардың басын ашуды тапсырды. "Бір ай ішінде біз шешім қабылдайтын боламыз", - деді әкім. "Жиналыс қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті органдарға, атап айтқанда, денсаулық сақтау басқармасына барлық айтылған мәселелер бойынша ҚР денсаулық сақтау министріне ұсыныстар әзірлеуге; заң бұзушылықтарға жол берген медицина мекемелерінің басшылары бойынша ұсыныстар енгізуге; денсаулық сақтау басқармасының және жалпы алғанда халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге тапсырма берді. Әкім сондай-ақ, ротацияның және медициналық мекемелерде жас басқару мамандарының өсуін, сондай-ақ, озық тәжірибенің енгізілуін атап көрсетті", - деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін