"Келешекте бейнебақылау және бұзушылықтарды тіркеу камералары мегаполистің әр ауласына орнатылуға тиіс. Бұл жұмыс сатылы түрде жүргізілмек. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басты назар жаңадан салынып жатқан үй кешендеріне бөлінбек", деді Алматы әкімі Ахметжан Есімов сәрсенбіде мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік қағидалары негізінде жүзеге асырылып отырған "Қауіпсіз аула" бағдарламасын ұсынған кезде.
Оның сөздері әкімнің баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.
Алматы ішкі істер департаментінің жетекшісі Серік Күдебаевтың айтуынша, "Қауіпсіз аула" бағдарламасы енігізілген соң қылмыстық деңгей 25-30% азаяды, деп күтілуде.
Бірқатар аудандарда ІІД қолдауымен тұрғындардың бастамасына орай ондай камералар орнатылып қойылған.