«Олар алаңның ортасында тұрған ескерткіштен (Тәуелсіздік — агенттік ескертпесі) басқа алаң аумағын түгелдей қазбақ»,- деп хабарлады ақпарат көзі.
Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, әкімшіліктегілер «Базис-А» компаниясы алаңда жаңа жол төсенішін жасау қажеттігін алға тартып, жоспардан тыс жұмыстардың орындылығын жұртшылық үшін нанымды түсініктеме дайындауы қажет деп санайды. Ақпарат көзінің айтуынша, «мұны қысқа мерзім ішінде жасау қажет».
Ақпарат көзінің айтуынша, Республика алаңының бойымен асфальт қабатында сызаттардың пайда болу себебі «Базис-А» компаниясының басшылығының өкімімен алаң аумағының астындағы жер асты құрылысы кезінде жарылыс жұмыстары жүргізу болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, кең ауқымда жарнамаланған «Алмалы» сауда орталығы салынардан бұрын «Базис А» компаниясы алаңның үстіндегі қозғалысты тоқтатпайтындары жөнінде кепілдеме берген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті