Алматы ауданаралық экономикалық соты ұлтаралық араздық тудырғаны үшін сайттың жұмысын уақытша тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы ауданаралық экономикалық соты ұлтаралық араздық тудырғаны үшін сайттың жұмысын уақытша тоқтатты

Алматы ауданаралық экономикалық соты ұлтаралық араздық тудырғаны үшін сайттың жұмысын уақытша тоқтатты

Алматы. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы ауданаралық экономикалық соты Медеу аудандық прокурорының шағымы бойынша ұлтаралық араздық тудырғаны үшін "Ұлттық стратегияның сараптамалық орталығы" қорына қарасты электронды парақтың жұмысын 3 ай мерзімге тоқтату және сайттың мазмұнын Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкестендіру жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Шiлде 2008
  • 548
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сайттың жұмысын уақытша тоқтатуға онда Қазақстан заңнамасының сақталмауы себеп болған. Атап айтсақ, ҚР Конституциясының 20-бабына сәйкес, Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.

«Бұл интернет-сайтта ұлтаралық араздықты қоздыратын, бір ұлттың екіншісінен артықтығын негіздеуге, экстремизмді ақтауға бағытталған мәліметтер жарияланған. Бұған оқырмандардың сайт материалдарына қатысты арандатушылық және конституцияға қарсы сипаттағы түсініктемелерін дер кезінде өшірмеу түрткі болған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осыған байланысты «ақпаратты алған көзіне қарамастан, ұлттық артықшылықты насихаттайтын немесе үгіттейтін хабарламаларды немесе материалдарды таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікті БАҚ қожайыны жүктейді» деп көрсетілген ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 2-1 тармағына сәйкес, Медеу аудандық прокуратурасы сотқа шағым түсіріп, сот оны қанағаттандырды», деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті