Алматы әуежайында 204 мың АҚШ доллары мен 2 мың юаньді әкетпекші болған Қытай азаматы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында 204 мың АҚШ доллары мен 2 мың юаньді әкетпекші болған Қытай азаматы қамауға алынды

Алматы әуежайында 204 мың АҚШ доллары мен 2 мың юаньді әкетпекші болған Қытай азаматы қамауға алынды

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әуежайында 204 мың АҚШ доллары мен 2 мың юань әкетпекші болған Қытай азаматын Жетісу кеден бекетінің қызметкерлері қамауға алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Маусым 2008
  • 339
Фото - Caravan.kz

«Үрімжіге ұшатын рейстің кедендік бақылауынан өткеннен кейін көрінерліктей күйгелектенген және өзін дұрыс ұстамаған жолаушылардың бірі кеден қызметкерлерінің назарын аударған. Бұл жолаушыны толығымен жеке тексеруге себеп болды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Одан декларациядан өткізілмеген және ауызша мәлім етілмеген 204 мың АҚШ доллары мен 2 мың қытай юаньі табылды. ҚР ҚК 209-бабы (Экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті