«15 ақпанда жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 6-да Алматы халықаралық әуежайында шұғыл іздестіру шараларының барысында «VIP» залына шыға берісте Стамбул-Алматы рейсімен келген Қазақстан азаматы ұсталды. Жүкті тексерген кезде декларацияда көрсетілмеген алтын зергерлік бұйымдар табылып тәркіленді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Кеденшілердің хабарлауынша, контрабандалық алтынның құны 1 млн доллардан асады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті