Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінің мәліметтерінің мағынасын ашу ісі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінің мәліметтерінің мағынасын ашу ісі жалғасуда

Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінің мәліметтерінің мағынасын ашу ісі жалғасуда

Алматы. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы 26-желтоқсанда Алматы әуежайында апатқа ұшыраған "Челленджер" CL-60 маркалы ұшақтың қара жәшігінің мәліметтерінің мағынасын ашу ісі жалғасуда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық көліктік авиациялық прокурор Марат Төлеубаев хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 552
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта қара жәшіктің мағынасын ашу жалғасуда. Апат салдарын анықтау бойынша тергеу нәтижелері айдың соңына таман мәлім болады», — деп хабарлады Марат Төлеубаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ганновер — Алматы — Гонконг транзиттік рейсімен жолға шыққан неміс компаниясына тиесілі ұшақ ұшу кезінде ұшып-қону жолағынан көтеріле бере бағыттан ауытқып, әуежайдың бетон қоршауына соқтығысты, бұдан кейін ұшақ құлап, толық жанып кетті. Ұшақта болған төрт адамның бірі қайтыс болып, қалған үшеуі әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.

Аталмыш дерек бойынша Оңтүстік-шығыс көліктік ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-ші бабының 2 тармағы бойынша (әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзудың салдарынан байқаусызда адамның өліміне апарып соқтыру) қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті