Алматы әуежайында көші-қон заңын бұзған Гонконг азаматтары құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында көші-қон заңын бұзған Гонконг азаматтары құрықталды

Алматы әуежайында көші-қон заңын бұзған Гонконг азаматтары құрықталды

Алматы әуежайында көші-қон заңын бұзған 10 Гонконг азаматы қолға түсті.

  • 30 Мамыр 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, жуырда «Алматы» шекара бақылау жасағы «Алматы-Гонконг» бағытына қатынайтын КС929 әуе рейсіне билет алған шетелдік он азаматты ұстады.

«Елдеріне қайтып бара жатқан шетелдіктер Қазақстанда тіркелмеген болып шықты», — делінген хабарламада.

Заңды белшеден басқан шетелдік азаматтар Әкімшілік кодекстің 1-бөлімі 394-ші бабы бойынша жауапқа тартылды.