Жарияланды: 500

Алматы әуежайында қою тұманға байланысты рейстер кешіктірілуде

Алматы. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әуежайында қою тұманға байланысты рейстер кешіктірілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сібір антициклонының жаппай құрсап алуы салдарынан Алматы облысында қолайсыз күн райы ахуалы қалыптасты. Осыған байланысты Алматы әуежайында рейстер кешіктірілуде. Қазір әуежайдың екі ұшу-қон жолағында да ұшу-қону қиынға түсіп отыр. Мұндай қолайсыз күн райы ахуалында әрбір ұшақ қона беруге қабілетсіз. Рейстер сол себепті кешігіп жатыр. Жұмада Сібір антициклоны сейіледі деп күтудеміз. Әуежай сонда қалыпты жұмыс істей бастайды", - деді әуежайдың баспасөз хатшысы Алена Кочнева. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін