Алматыдан Тбилисиге бет алған ресейлік азаматтан 76,5 мың еуро табылды, делінген қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада.
Ол шекарадан өтетін кезде ақшаны декларацияда көрсетпеген.
Осы факті бойынша қазір тексеру жүруде.