Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысқан

Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысқан

Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ көлікпен соқтығысты.

  • 22 Қазан 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.

Көліктегі полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 22 қазанында болған.

Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ көлікпен соқтығысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді. Сурет: kris_p_original Көліктегі полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 22 қазанында болған. "Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.