Алматы әуежайындағы таксишілерге 1 млн 700 мың теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайындағы таксишілерге 1 млн 700 мың теңге айыппұл салынды

Алматы әуежайындағы таксишілерге 1 млн 700 мың теңге айыппұл салынды

Алматы әуежайына келген жолаушылардың мазасын алған  таксишілерге 1 млн 700 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 10 Қараша 2017
  • 310
Фото - Caravan.kz

Полиция Алматы әуежайындағы тәртіпті қадағалау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Әуежайға кіреберісте тәртіп қадағалайтын полиция қызметкерлерінің саны артты. Нысан басшылығымен тұрақты орны жоқ болған жағдайда кіруге рұқсат бермеу керектігі талқыланды. Сыймаған көліктер жабық паркингке қойылуы тиіс», — деді Түрксіб аудандық ІІб жергілікті полиция қызметінің өкілі Фархат Сбанбаев.

Жыл басынан бері жолаушылардың мазасын алған таксишілерге қатысты  ҚР ӘҚК 449-бабы бойынша 151 хаттама толтырылған. Оларға 1 млн 713 теңге айыппұл салынды.


Бұл баптың екінші бөлімімен 12 тұлға жауапқа тартылды.

 

Соңғы жаңалықтар