Алматы автобустарында бір реттік жол жүру билеттері енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы автобустарында бір реттік жол жүру билеттері енгізіледі

Алматы автобустарында бір реттік жол жүру билеттері енгізіледі

Алматының қоғамдық көліктерінде бір реттік жол жүру билеттері енгізіледі. Оларды қолма-қол ақшаға сатып алуға болады. Бұл туралы бүгін Алматыда қоғамдық көлік жүйесіне енгізілген жаңа 35 автобусты таныстыру барысында белгілі болды.

  • 20 Маусым 2016
  • 442
Фото - Caravan.kz

Таныстыру рәсімі барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстанда шығарылған және газбен жұмыс істейтін жаңа автобустарды мұқият қарап шықты. Оларды 1 млрд. 200 мың теңгеге Green Bus компаниясы сатып алған. Бұл автобустар 35-ші және 29-шы бағдар бойынша жұмыс істейді. Компания сонымен қатар, Қала күні қарсаңында тағы 102 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

«Green Bus» ЖШС директоры Бауыржан Құлышев бүгінде компания билетсіз жүретін жолаушылардың себебінен шығын көріп жатқандығын айтты. Бүгінде Алматыда жолаушылардың 40 пайызы билетсіз жүреді екен.

«Алматының көлік холдингі» ЖШС директорының міндетін атқарушы Садыр Хамраевтың айтуынша, бүгінде Алматы автобустарында бір реттік билетпен жүруге болады. 

«Қазір бұл жүйе кезең-кезеңмен енгізіліп жатыр. Көп ұзамай барлық бағдарда қолданылатын болады. Бірінші Green Bus компаниясының автобустарында қолданылады. Шілде айының соңына қарай бір реттік жол жүру билеттері толығымен енгізіледі. Бұл балама төлемақылары қала қонақтары үшін енгізіліп отыр. Енді, билетсіз жүрген жолаушыларды анықтау оңайға түседі. Қазір қалада жол ақысы  — 80 теңге. Ал әлем елдерінде бір реттік жол жүру билеті қымбат тұрады. Егер қала басшылығы сараланған тариф жүйесін енгізетін болса, онда қалада бір реттік жол жүру билеті қымбат болады.


 

null null 

Соңғы жаңалықтар